Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

200 мыңнан астам бала заманауи білім ордаларында оқуға мүмкіндік алды: Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 122 мектептің құрылысы аяқталып, соның нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы жаңа, заманауи білім беру ортасымен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жоба аясында ауылдық инфрақұрылымға ерекше назар аударылуда: пайдалануға берілген мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Оқушылар санына байланысты мектептер 300 орыннан 2 500 орынға дейін есептеліп салынады – бұл жобалауда нақты қажеттіліктерді ескеру қағидатына негізделген.

Географиялық орналасуына қарамастан шалғай елді мекен болса да, қала болса да барлық мектептер бірыңғай жоғары стандарттарға сай салынады. Архитектурасы, инженерлік шешімдері мен оқу ортасы қазіргі заман талабына толық сәйкес келеді және елімізде біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңа мектептерде оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған ыңғайлы, қауіпсіз және эргономикалық білім беру кеңістігі жасалған. Ғимараттар бұрынғы стандарттармен салыстырғанда 15–20% кең, ал техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Барлық мектептер заманауи жиһазбен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген, қауіпсіздік шаралары күшейтілген, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған.

«Келешек мектептері» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттардың құрылысы емес, бұл – ел болашағына жасалған инвестиция. Осы жоба арқылы әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев — мен жастарға сенемін

redaktor_qazyr

Мерген Тоқсанбай

Redaktor Site

Неолит дәуірі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz