Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Қалалар қалай жаңарады: «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы басқосу

Астанада Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын жүзеге асыру аясында урбанистика және қалалық ортаны дамытуға арналған республикалық семинар-кеңес өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспай, қала әкімдері, салалық ведомстволардың басшылары, облыс орталықтары әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, сәулетшілер мен көгалдандыру және қалалық жарықтандыру саласының мамандары қатысты. Жалпы елдің барлық өңірінен 100-ден астам адам бас қосты.

Семинар барысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек елорда дамуының стратегиялық тәсілдерін таныстырды. Ол Астананың жүйелі түрде жаңарып жатқанын атап өтті: жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы дамып, көгалдандыруға, абаттандыруға және сәулеттік жарықтандыруға басымдық берілуде. Мәселен, жыл сайын қалада 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылады. Биыл 170 қоғамдық кеңістік — саябақтар мен скверлерден бастап негізгі көшелерге дейін — абаттандыру жұмыстарымен қамтылған. Бұл шаралар қалалық ортаның сапасын арттыруға және тұрғындардың күнделікті жайлылығын жақсартуға бағытталған.

Семинардың негізгі тақырыбы — өңірлер арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасуды күшейту болды. Қатысушылар қалаларды дамыту жүйелі түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Тек осындай тәсіл ғана тұтас, орнықты әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Семинарға арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Андрей Елбаев, Ұлыбританиялық LDA Design архитектуралық бюросының жетекшісі, ландшафтық мастер-жоспарлаудың әдістері мен орнықты дамудың халықаралық үлгілерін таныстырды;

Татьяна Наг, абаттандыру жөніндегі сарапшы, қалалардағы көгалдандыру сапасының стандарттарын енгізу туралы айтып берді;

Андрей Наумов, сәулеттік жарықтандыру маманы, қалалық атмосфераны қалыптастырудағы жарықтың маңыздылығын атап өтіп, үздік тәжірибелерді ұсынды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар елорданың негізгі нысандарын аралап көрді. Бағдарламаға Бейбітшілік, Сәтпаев сияқты тарихи көшелер, Ататүрік жағалауы, Бейбітшілік пен келісім саябағы, Ұлытау аллеясы, әуежай маңындағы LRT станциясы, GreenLine бульвары және өзге де қоғамдық кеңістіктер кірді.

Объектілерді аралау барысында ағаш отырғызу әдістері, жасыл аймақтарды ұйымдастыру, заманауи материалдар мен абаттандырудағы жаңа шешімдер таныстырылды.

Семинар қалаларды дамытудағы негізгі бағыттарды талқылайтын кәсіби алаңға айналды. Ол өңірлер арасындағы диалогты нығайтып, елордада іске асырылып жатқан жобалармен танысуға мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Толқын Қабылша

Redaktor Site

«Халқын аямайтын үкіметпіз» Гаухар Танашева депутаттық мандатынан айырылды

redaktor_qazyr

Әбілқайыр хандығы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz