20.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

2024 жыл бойынша Прокуратура қылмыстық жағдай туралы мәлімдеді

2024 жыл бойынша Прокуратура қылмыстық жағдай туралы мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыс деңгейі 5,3%-ға төмендеп, 140 272-ден 132 778-ге дейін азайған. Бұл оң динамиканың көрінісі болып табылады.

Дегенмен, кейбір облыстарда қылмыс санының өсуі байқалады:

Маңғыстау облысында 12,2% (3097-ден 3474-ке),

Атырау облысында 8,5% (4283-тен 4647-ге),

Павлодар облысында 5,6% (5039-дан 5322-ге),

Қызылорда облысында 4,6% (2871-ден 3003-ке),

Ұлытау облысында 2,8% (1278-ден 1314-ке),

Алматы облысында 1,6% (10223-тен 10385-ке),

Ақмола облысында 0,7% (5084-тен 5120-ға).

Ең көп қылмыс Алматы қаласында (24 965 немесе 18,8%) және Астана қаласында (17 339 немесе 13,1%) жасалған. Алматы облысында 10 385 (7,8%), Қарағанды облысында 7 562 (5,7%) қылмыс тіркелді.

Қылмыстардың құрылымы бойынша:

34% алаяқтық (45 156),

23% ұрлық (30 593),

6,3% есірткі қылмыстары (8 363),

1,2% тонау (1 551),

1,2% бұзақылық (1 615),

0,8% мал ұрлығы (1 051),

0,4% адам өлтіру (566),

0,3% зорлау (421),

қалған 32,7% басқа құқық бұзушылықтар (43 462).

Қылмыстың ауырлығына байланысты:

Онша ауыр емес қылмыстар 7,6%-ға азайып, 21 826-дан 20 178-ге дейін төмендеген.

Ауырлығы орташа қылмыстар 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) төмендеген.

Ауыр қылмыстар 2,2%-ға (37 548-ден 36 736-ға) азайған.

Сондай-ақ, ұрлықтың әртүрлі түрлері айтарлықтай төмендеген:

Ұрлық жалпы 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке),

Ұялы телефон ұрлығы 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке),

Пәтер ұрлығы 33,5%-ға (3 566-дан 2 357-ге),

Көлік ұрлығы 42,2%-ға (258-ден 149-ға) төмендеген.

Мал ұрлығы 30,9%-ға азайып, 1 520-дан 1 051-ге дейін төмендеген.

Ұқсас жаңалықтар

Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

redaktor_qazyr

АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамп барлық жеті штатта көп дауысты иеленіп тұр

redaktor_qazyr

Экология министрі: Көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz