Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Адал азамат – ел тірегі: теміржолшылармен тағылымды кездесу

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» ұжымымен кездесу өткізді. Бұл шара Жұмысшы кәсіптер жылы мен Теміржолшылар күніне орай ұйымдастырылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесу барысында теміржолшылардың ел экономикасындағы орны, адал еңбекке деген құрмет, сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасы кеңінен сөз болды. Аталған тұжырымдама – қоғамға қызмет ететін, ел мәдениеті мен дәстүрін қадірлейтін, жауапты әрі белсенді азамат бейнесін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Болат Оспанов пен АНК мүшесі, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы және «Жомарт жан» орталығының жетекшісі Долқунтай Әлиев өз сөздерінде адалдық, әділдік, жауапкершілік, көмекке әзірлік пен азаматтық борышты адал атқару секілді қасиеттерге тоқталды. Сонымен қатар олар жұмысшы кәсіптердің қоғамдағы маңызы мен еңбек адамының рөліне ерекше назар аударды.

Бұл кездесулер жастарға үлгі боларлық тәрбиелік мәнге ие болып, еңбекке құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді

redaktor_qazyr

Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препарат жасап, оны тіркеуге дайындық жүргізуде

redaktor_qazyr

Нұралхан Көшеров Еуропа елдері елшілерімен кездесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz