Qazyr.kz порталы
Руханият

Сарқыт деген не?

Базарлық:

Базарлық- өзінің аты да айтып тұрғандай, базарға шыққан адамның не үлкен қалаларды аралап, басқа елдерде болған кісінің сый- құрметіне лайықты алынады.Балалар тәттіге, ойыншық, елең еткізетін заттарға әуес, ал қыздардың көзі жүзікке, моншаққа әшекей заттарға түскіш. Базарлық әкелетін жол- жоба білетін игі жақсылар мұны қалт жібермесе керек.

Сарқыт:

Той- жиындарға сыйлы ортаға барған әке- шеше, аға- жеңге үйге жасқы қайтуда, несібемен оралуды ойлайды. Мол дастарханнан кәде, сарқыт алады. Тіпті қариялар бас табақтан да келін- кепіштерге сарқыт қалдырып жатады. Ал, жастарымыздың үлкендерге сарқыт әкелдім деп айтуы әбестік болады. Тойдан үлкендерге әкелінген тағам болса оны «сіздерге тойдан ауыз тисін» деп яки болмаса «немерелеріңізге тойдан сарқыт әкелдім, сіз де ауыз тиіңіз» деп сыпайы ұсынады. Бұл да үлкен ізеттіліктің көрінісі.

Сыбаға:

Сыйлы қариялар жасы үлкен ел ағалары жер шалғайынан, яки ден саулығына байланысты не басқа себептермен өзін сыйлайтын үйге көп уақыт келе алмауы мүмкін. Ондай жағдайға туыс- туғаны не сыйластары сойылған соғымнан сүбелі мүшелерін салып сыбаға жібереді. Бұл- құрметтің, сыйластықтың белгісі.

Бүйрек:

Бүйрек – соғым сойғанда үлкен үйдің отау үйлердегі балаларға арнап жіберетін сәлемдемесінің бір түрі. Жаңа сойылған мал етінімен сыйлас адамдар да дәм татын дегендік. Бүйректің сыбағадан жолы да, мөлшері де төмен.

Көңіл

Туған халқымызды қалыптастырған игі дәстүр- салттардан айналып- ақ кетпейсің бе. Тіпті қайсыбірінде берсе де, алса да жөнімен беріп, жөнімен алған ғой. Демек, әр нәрсенің орны бар екенін есте ұстаған. Қазір тот баспаса да көмбеде қалған игі нәрселерімізді кәдеге жаратып, көп болып ақыл- ой салмақ ниетпен кейбір кәделерді еске алғым келеді.

Көрімдік
Көрімдік — жаңа туған нәрестені сондай- ақ жаңа түскен келінді алғаш көрген мезетінде берілетін сый. Ұзатылатын қыздың жасауына күйеу жағынан келген құдалардың тартуы түрінде берілетін сыйды да көрімдік дей береміз. Ондайда да сый тартқан адам өздерінің ұялып қалмау жағын да, жол- жорадан жығылмауын да ойластырады.

Байғазы:
Байғазы- жасы кіші адамның көбінесе балдырғандар мен жас балалардың үлкендерден, ағалары мен апаларынан алатын сыйлығы. Жаңа киім киген сәтінде не болмаса көңіл қуанатын заттарға ие болған жағдайда еркелетіп келіп, «апа, жеңеше, көке байғазы бер» деп жүріп сұрап алады. Ондайда өзі де қуанады, өзгені де қуантады. Қолма- қол сый ұсына алмаған жағдайда үлкендер «байғазым мойнымда» деп ізгі тілек айтып, қуаныш білдіріп жатады.

Тәбәрік

Тәбәрік – елдің ақылгөй жақсы- жаманды көрген, ұзақ жасаған, қадірлі ата, әже болған кісілердің өзінен кейінгілерге берер жоралғысы. Ол ақша, зат, мал не киім түрінде болуы да мүмкін. Бұл ниетте, әлбетте, жастардың үлкендерге жақсы адамдарға еліктеуі де көрініс табады.

Қазақ жеті санын қасиетті деп есептеген.
1. Жеті қат көк,
2. Жеті ғалам,
3. Жеті ғашық,
4. Жеті мүше,
5. Жеті жұт,
6. Жеті амал,
7. Жеті қазына.

Ұқсас жаңалықтар

Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай

redaktor_qazyr

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Анық пен танық

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz