Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақұштап Бақтыгереева-Сенгім келмейді

Аптыққан жалын дәуреннің
Өтетініне,
Бойдағы жігер дәрменнің
Кететініне,
Гүл теріп белден сағымды
Қайтпайтыныма,
Сүйікті жарға назымды
Айтпайтыныма
Сенгім келмейді.

Ән сал деп қимас құрбыны
Қыстамайтыныма,
Қаламды қайта бір күні
Ұстамайтыныма,
Арманшыл жүрек лүпілі
Тоқтайтынына,
Мамалап қызым бір күні
Жоқтайтынына
Сенгім келмейді.

Сағыныш лаулап бойымда
Жанбайтынына,
Құрбының қызық тойына
Бармайтыныма,
Тек ұрпақ мені өмірге
Жалғайтынына,
Жыр жолы болып көңілде
Қалмайтыныма
Сенгім келмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың қырқыншы қара сөзі

Redaktor Site

Қазақтардың 19 ғасыр мен 20шы ғасырлар аралығында түсірілген фото суреттері

redaktor_qazyr

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz