Фото: freepik
Отбасы белгілі бір ережелерді функциялайтын жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты отбасы мүшелері өздерін бір-бірімен өзара қатынастың үлгісін қайталаушы, ұйымдастырушы етіп көрсетеді. Кейбір от- басындағы ережелер ашық түрде қортындыланады, мысалы, «үлкендер сөйлегенде бала сөйлемеуі керек», «жабық тұрған есікті ашарда, есікті қағу керек», «ешқашан дауыс көтерме», «қыз балаға қол көтеруге болмайды» және т.б. Басқа ережелер жасырын болады, әдетте ол отбасында болған жағдайды қайталаудан көрінеді. Жасырын ережелер өте күшті болады, олар дауыссыз қалыптасып, құпия болады: «жыныстық жайлы ештеңе айтпа, ол анамды қапаландырады», «қыз балалар үй шаруасын үйрену керек, сол кезде ұл балалар еркектердің жұмысын атқару керек».
Ереже жаңа отбасына ауысады – үй шаруасын жүргізу, дау-дамайлар мен олардың шешілу жолдары, отбасы қаржысы (Ричардсон Р.). жұбайына қойылатын талаптар саналы да, сана- сыз түрде де болып, ата-ана отбасында рөлдерді қабылдаумен базаланады.