Qazyr.kz порталы
ҚазірПайдалы кеңестер

Махаббаттың аспектілері туралы білесіз бе?

Фото: freepik

Махаббаттың түрлі аспектілері мен бейнелерін айқындау үшін көне гректер әртүрлі терминдерді пайдаланған. Олар eros cөзін оны толығымен өзіне алу мақсатында затқа бағытталған сезіммен түсіндірген. Бұл термин махаббатты – пафоспен, аффектілікпен, сезімтылдық жағымен байланысатын ынтықтық, қызғаншақтық және сезімге әсерленгіштігімен бейнелейді.
Philia сөзі (көбіне махаббат-достық сияқты аударылады) индивидтердің әлеуметтік немесе тұлғалық таңдауына негіз- делген байланысын білдіреді. Бұл интимдік жақындасудан және нақты біреумен қарым-қатынасқа түсуден туындаған құмарлық, ішкі бейімділік. Бұл жердегі жүректің нағыз қалауы – «рухани тыныштық», ішкі қалау, өзара түсіністік, дегенмен, ол салқын қандылық таныту немесе бассыз импульсивтік құмарлыққа берілу емес. Сондықтанда Philia махаббаттың ішкі симпатия- сына негізделген рухани тазалықты білдіріп, соларды бірік- тірудің (ал, eros бұл қарама-қайшылықтарды біріктіру және кү- ресу) принциптерін бейнелейді.
Storge сөзі бұзылмайтын, бастартуға келмейтін органика- лық тума жақындықпен байланысатын махаббатты білдіреді (әсіресе отбасылық байланыстар). Бұл ата-ана мен бала, күйеуі мен әйелінің, азаматтар мен Отанның арасын байланыстыратын нәзік, сенімді, берік махаббат. Мұндай махаббатта адамда сенім- ділік мен тыныштық күйді кешеді. Бұл термин гректерге онсыз өмірдің мәні жоқ сияқты көрінетін жеке тұлғаның емес, жалпы туыстық сезімді бейнелейді.

Ұқсас жаңалықтар

Мүфтият: “Квадробер” болу – шариғатқа қайшы

redaktor_qazyr

Үйде қалай балмұздақ жасауға болады?

redaktor_qazyr

Былтыр елімізде 1,4 млн адам 958,3 млрд теңге әлеуметтік төлем алды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz