Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілім

Өлең: Күтетінін білмеймін алда ненің

Күтетінін білмеймін алда ненің,
Аралап қайтсам деймін арман елін.
Көп ішінде күн кешу қиынырақ,
Мен
Жалғыздықты таңдар едім…

Өзімнің жүрегімде нақ шырағым,
Бір басыма жетеді көп сынағым.
Алысқа кеткендерді сағынам да,
Жанымда жүргендерді жатсынамын…

Дүниені сүрсем де жалғастырып,
Салып кеткен адамдар жанға үскірік.
Осы күні үйрендім туыстықты,
Тыныштыққа қоюды алмастырып…

Жек көремін, сүйемін өзім мұңды,
Бәрінен дей алмаймын “Төзім” құнды.
Өсек-аян өзгеден естігенім,
Ал өзіме өзім құрбы…

Сатқындық көрем кейде сыр ішінен,
Бірі кетер бойыңнан бірі сіңер.
Тасып төккім келсе де ішімдегін,
Қашып кеткім келеді мың ішінен…

Автор: Сымбат Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ халқының түс жоруы

redaktor_qazyr

Қайырбек Шағыр — Ауыл суреттері

Redaktor Site

Алматыда жаңа оқу жылына 4 мың орындық екі мектеп ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz