Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Алматыдағы тамыз конференциясы: педагог мәртебесі мен білім берудің жаңа бағыттары талқыланды

Алматыда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты дәстүрлі қалалық педагогтер конференциясы өтті. Іс-шараға 2,5 мыңнан астам педагог, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Пленарлық отырысқа ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім беру жүйесінің басты міндеттерін атап өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Министр өз сөзінде педагог мәртебесін қорғау, мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстардан босату және балалардың құқықтарын қорғау бағытында мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты. Оның сөзінше, мұғалімдерге жазатайым жағдайлар үшін жауапкершілік жүктелмейді, ал заң бұзылған жағдайда прокуратура араласуға тиіс.

Жаңа оқу жылының жаңалықтары

2025–2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Бұл үшін арнайы этикалық стандарттар бекітіліп, оқушыларға арналған Day of AI онлайн курстары және мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары дайындалды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске қосылады. Жаңа үлгідегі мектептерде 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі дайындықтан өтті. Жаңа басқару моделі қыркүйектен бастап енгізіледі.

Инклюзивті білім беруді дамыту

Конференцияда инклюзия да басты тақырып болды. 2025 жылдың қазан айында Алматыда шетелдік министрлер мен сарапшылардың қатысуымен Инклюзивті білім беру бойынша Дүниежүзілік алғашқы конгресс өтеді. Сонымен қатар, Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты «Абай Ұлттық мектебі» ретінде жаңғыртылады.

Марапаттар мен сыйлықтар

Жиын соңында үздік педагогтерге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары және әкімдіктің «Үздік білім беру ұйымы – 2025» сыйлығы табысталды. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектептердің техникалық қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында сантехник, электрик, аула сыпырушы сияқты білім беру ұйымдарының тірегіне айналған мамандар бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»  Шымкентте тағы бір 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Акция аясында тұрғындар өз еріктерімен полицияға 100 атыс қаруын тапсырды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz