Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әкім Ысқақ

Аманында жарқыраған Күн — Айдың,
Күрсінбеші,
Неге сонша мұңайдың?
Шық түспесін көңіліңе жауқазын,
Жанарыңа шаттық толсын, шырайлым.

Күрсініспен өтпесінші ақ таңың,
Қайта айналып келмес жарқын шақтарың.
Кемең жүзсін ұлы айдында тоқтамай,
Жазиралы гүлге айналсын бақтарың.

Күрсініспен өтпесінші күндерің,
Мұңаймасын, солмасыншы гүлдерің.
Қайғы уы жайламасын жаныңды,
Керек маған қуанғаның, күлгенің.

Күрсініспен өтпесінші сағатың,
Таусылмасын төзім-қуат, тағатың.
Өмір – толқын қашпа қатты соқса да,
Қайрылмасын, қатайсыншы қанатың.

Ғұмыр кешкен күнге қарап құлшынып,
Адам жасар ақ арманға құлшылық.
Ойдағыңды ойран етіп кететін,
Оңай емес, оңай емес тіршілік!

Ғазиз жүрек жақсылыққа дүрсілде,
Тартсаң да азап, қалсын мейлі құр сүлде.
Тағдырыңның тауқыметін көрсең де,
Тұңғиыққа тірелме де күрсінбе!

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына 20-дан астам елден 1500 делегат қатысады

redaktor_qazyr

Бәкір Тәжібаев — Туған елім

redaktor_qazyr

Абай Құнанбай — білімдіден шыққан сөз

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz