Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтар

«Негізсіз қымбатшылыққа жол жоқ»: Алматыда сауда үстемесін бақылау басталды

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрақтандыру шарасы күшейтілді, деп жазады Qazyr.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында қалада баға өсімін тежеуге бағытталған кешенді жұмыс қолға алынған. 16 сәуірден бастап «Барыс-4» базарындағы көтерме сауда алаңында жүйелі мониторинг жүріп жатыр.

Оған Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған.

Негізгі мақсат – баға тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының негізсіз өсуіне жол бермеу. Әсіресе сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауына және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдал буындарды қысқартуға басымдық беріліп отыр.

Қалада тек бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен түсіндіру жұмысы да қатар жүріп жатыр. Саудаға қатысушыларға заңнама талаптары, баға белгілеудің ашық тәртібі, сондай-ақ дұрыс рәсімделген әрі қолжетімді баға жапсырмасының болуы қажет екені түсіндірілуде.

Егер заңбұзушылық анықталса, қолданыстағы заңнамаға сай мемлекеттік бақылау шарасы қолданылады. Мониторинг қорытындысы өңірлік комиссияның қарауына шығарылады. Талапты бұзған тарапқа қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданады.

Қаладағы осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Бағаны бақылау мәселесі жіті назарда тұр. Нәтижесі бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің сумен жабдықтау және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

admin_qazyr

Шымкентте балаларына ит-мысықтын етін жегіздіріп,боқ-сідік ішкіздірген өгей әке, танымал бақсы-тәуіп болып шықты

redaktor_qazyr

Алматы әкімі индустриялық аймақтарды кеңейту және көлік жүйесін дамыту туралы айтты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz