Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Наср әл-Фараби, (870, Отырар қаласы – Сирия, Шам қаласы) – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасы тарханның отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарыны-нең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деретер бойынша 70-ке жуық тіл білген.Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта еңбек жазып қалдырды. Алғашқы сауатын туған жерінде ана тілінде ашқан болашақ ғалым, 12 – 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Бағдадта «Баит әл-хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған.
Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұра қалдырды. «Ғалымдар тізбесі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараудары; 5) азаматтық ғылым және оның тарулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
Әбу Наср әл-Фараби әмбебаб музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, к.үй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегі бар. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 жылы ережеп (ражаб) айында, Шам қаласында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің әміршісі Сайф әд-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

redaktor_qazyr

Сан есімі бар мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Ғалым Жайлыбай

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz