Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шыңғысханның ұрпағы қанша?

Генетиктер ағылшын әріптестері Крис Тайлер-Смиттің «Шыңғысхан — адамзат тарихында ең көп ұрпақ өрбіткен әке» деген тұжырымын мақұлдап шықты. Тайлер-Смиттің бағалауы бойынша, Жер шары еркектерінің 0,5 пайызы (16 миллионға жуық адам) — Моңғол империясының негізін қалаушының тікелей ұрпағы.

Бұған қоса, жаңа зерттеу Маньчжур князі Гиочангидің (1582 жылы қайтыс болған) де көп ұрпақ таратқанын анықтады. Оның немересі Нурцахи (1559-1626) Қытайдың Цин әулеті бойынша тұңғыш императоры болды. Ғалымдардың есебінше, Гиочангидің тікелей ұрпақтарының саны бүгінде — бір жарым миллион адамға жуық. Олардың бәрі, негізінен, Қытай мен Моңғолияда тұрады.

Тұқымы кең жайылған қалған тоғыз адамның тек өмір сүрген уақыты ғана анықталды. Олар Азия құрлығында біздің заманымызға дейінгі 2100 жылдан біздің заманымыздың 700 жылдарына дейін ғұмыр кешкен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазан қаласында «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

admin_qazyr

Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызының махаббат хикаясы

redaktor_qazyr

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz