Ағзадағы кері өзгерістердің басты себебі — дәруменнің жетіспеуі. Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мамандары бірқатар пайдалы кеңестермен бөлісті.
Мысалы шашыңыз көп түссе, демек ағзада темір, мен мырыш тапшы деген сөз. Ал аяғыңыз құрысса магний жетіспеуі мүмкін.
Әсіресе әйел адамдар терінің құрғап кетуінен жиі сақтанады. Өйткені тері құрғақ болса, беттегі әжім көбейеді.
«Құрғақ тері А және Е дәрумендерінің жетіспеушілігінен болады. Сондай-ақ адам өз-өзінен шаршап, әлсіресе демек ағзада темір және Д дәрумені жетіспейді деген сөз», — дейді Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мамандары.
Ағза тез көгеріп, ұсақ қантамырлар жарылса онда К және С дәрумендерін көбірек қолданған жөн, өйткені дәл осы дәрумендер ағзадағы кемшілікті қалпына келтіреді.
«Адам жиі суық тиіп ауыра беретін болса, мырыш, С және Д дәрумендерін ішу керек. Ал тырнақтағы ақ дақтар мырыш тапшылығынан пайда болады. Тағы бір жақсы кеңес С және кальций дәрумендерін қолдану. Өйткені бұл сүйектің тығыздығы мен тістің сапасын жақсартады», — дейді дәрігерлер.