Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірҚоғамэкономика

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақмола облысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті хабарлайды Qazyr.kz.

 Үкімет мүшелері «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп жергілікті жерлерде кәсіпкерлік қоғамдастықпен салық саясаты мәселелерін талқылау мақсатында өңірлерге барды. Жиында салық реформалары, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселесі талқыланды.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ҚҚС сараланған мөлшерлемелері бойынша Үкіметтің ұсыныстарын жеткізді. Қосылған құн салығының жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылуда, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарланып отыр. Бірқатар салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме енгізіледі. Осылайша, Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесін саралау: 16%, 10%, 0%, салықтан босатуды қамтиды.

«ҚҚС өсімі үй маңындағы дүкендерге, мейрамханаларға, сұлулық салондарына және басқа да бөлшек сауда орындарына әсер етпейді», — деп түсіндірді ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев.

Кездесу барысында салалық қауымдастық өкілдері салық заңнамасына ұсынылатын өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді.

«Салықты көтеруден басқа, бюджет шығыстарының құрылымын сыни тұрғыдан қайта қарау маңызды. Өткен жылы енгізілген қатаң бюджеттік ережелердің сақталуына бақылауды күшейту қажет, ел экономикасының ішінде резервтерді іздеу қажет. Еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесінің 10%-ға төмендеуі ҚҚС мөлшерлемесін көтеру есебінен өтемақымен қатар жүрмеуі тиіс, ол дербес салық реформасы болуы керек», — деп есептейді Ақмола облысы Туристік қауымдастығының басшысы, туризм және экология салалық кеңесінің төрағасы Қайрат Сұлтанов.

Шағын бизнес субъектілері атынан «С.А. Ахмадиев» ЖК басшысы Сәдібек Ахмадиев сөз сөйлеп, тіркеу кезінде ҚҚС-ты 50 мың АЕК-ке дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек қосылған құн салығында мөлшерлеме мен шекті тіркеу мәселесі ақылға қонымды түрде қабылдануы тиіс екенін айтты. «Ақмола бизнес-қоғамдастығының пікірі ескеріледі деп үміттенеміз, біз әріптестеріміздің барлық ұсынысын ҰКП Орталық аппараты арқылы қаржы министрлігіне жазбаша түрде жолдаймыз. ҚҚС мөлшерлемесі мен шекті тіркеу мәселесі білікті сарапшылардың, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірін ескере отырып, ақылға қонымды түрде қабылдануы керек», — деп толықтырды ол.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті

redaktor_qazyr

ШҚО-да «Жолдар жылы» бағдарламасы қабылданып, 600 шақырым жол жаңартылды

admin_qazyr

Туған жылына қарап мінезін таны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz