Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты

Әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qazyr.kz. тілшісі Dalanews.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сотпен Кішкенбаевтың мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды.

Сотта Кішкенбаев оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ

Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда алғашқы газбетон зауыты ашылды: жаңа өндіріс өңірдің құрылыс қарқынын арттырады

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Түркістан облысының әкімі танымал ақын Бақытжан Алдиярды қабылдады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz