Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Ақмола облысында үш жолақты реверсивті қозғалыс қарастырылған жол салынады

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақмола облысына іс-сапармен барып, Көкшетау – Зеренді тасжолындағы орташа жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған жол бойында елімізде алғаш рет реверсивті қозғалыс жолағы салынады. Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқындылығы артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп күтілуде.

«Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр», – деді вице-министр.

Зеренді курорттық аймағы – еліміздегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден мыңдаған турист келіп демалады.

Жалпы 2025 жылы ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жаңартылмақ. Бұл жұмыстар ең алдымен туристік әлеуеті жоғары өңірлерге бағытталған. Атап айтқанда, Рахманов қайнары, Алакөл, Қайыңды мен Көлсай көлдері, Баянауыл, Кендірлі, Қорғалжын қорығы және Имантау-Шалқар курорттық аймағына баратын жолдар жөндеуден өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік басқару ісі: дарынды жастар ел дамуының жаңа генерациясы

admin_qazyr

2025 жылы Қазақстанда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы елеулі түрде өседі

redaktor_qazyr

Несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беруге болады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz