Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақпан айында бензин мен автогаз қымбаттайды

Қазақстанда ақпан айында бензин мен сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі. Бағаны ырықтандыру туралы шешім Президент жанындағы энергетикалық кеңесте қабылданған. Бұл шара елдегі газ нарығын тұрақтандыруға бағытталған.

«Үкімет бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін реттеуші және бақылау шараларын қадағалап отырады. Дегенмен алдағы күндері бағаның біртіндеп өсуі мүмкін», – деді министр.

Бағаны реттеудегі негізгі мақсат – отын нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және газ тапшылығының алдын алу. Сонымен қатар, халыққа түсетін қаржылық ауыртпалықты азайту үшін бағаның өсуі бақылауда болатыны атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

104 жастағы ақсақалдың өсиеті

redaktor_qazyr

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Алматының IT саласы мен креативті индустриясы қалай дамып келеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz