Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясатТехнология

АҚШ өкілетті органдары Қазақстанға аудит өткізуге келді.Егер аудиттен сәтті өтсе 2025 ж елімізден АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады

АҚШ өкілетті органдары Қазақстанға аудит өткізуге келді.Егер аудиттен сәтті өтсе 2025 жылы елімізден АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

«ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігімен, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.

Осы жұмыс шеңберінде а.ж. 26-30 тамыз аралығында ҚР авиациялық билік орындарын бағалау үшін FAA ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық бағалауға (IASA) техникалық шолу жүргізіледі. FAA мамандарының Қазақстанға келуінің алдында ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігімен, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен және FAA-мен бірлесіп, ҚР авиация билігінің тығыз жұмысы өткізілген болатын.

АҚШ сарапшыларының келуі барысында ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өткізді.

FAA мамандары Қазақстанның азаматтықавиация жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жан-жақты талдау жүргізіп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар береді.

Сапар барысында FAA аудиторлары Қазақстанның авиациялық индустриясының кешенділігін және ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесін бағалайтын болады. Шолу шеңберінде Air Astana әуекомпаниясына техникалық сапар жоспарланған.»,-делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Жезқазғанда 5 жасар бала көше бойындағы адамдарды қағып кетті

redaktor_qazyr

Құқық қорғаушылар «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюды талап етуде

redaktor_qazyr

Өмірден түңілме,әлі талай жетесің сен белеске

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz