Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Президент Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

QAZYR.KZ : Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

– Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, – деп жазылған жеделхатта.

Ұқсас жаңалықтар

«Перизат Қайрат ісі» Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңға өзгеріс әкелмек

admin_qazyr

Дархан Сатыбалды: Әлеуметтік нысандардың құрылысы басты басымдықта болуға тиіс

admin_qazyr

«Алма-Арасан» – термалды бұлақ туристік бағыты қайта жаңғыртылуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz