-0.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Қылмысқа қатысушыларға сот үкімі шықты

Ақтау қаласында фитнес жаттықтырушысы қыздың өліміне қатысты сот үкімі өзгертілді. Бұрынғы шешімге сәйкес, Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірген болатын. Қалған айыпталушыларға да қатаң жаза тағайындалды,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Еркебұлан Аманқос – 16 жыл;

Аралбай Мерей – 13 жыл;

Дархан Құлбас – 13 жыл;

Қуаныш Үсенғали – 13 жылға сотталды.

Сондай-ақ, сот жәбірленушінің отбасы үшін 30 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.Ақтаудағы осы қайғылы оқиға былтырғы жылдың басында орын алды. Бір топ ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, оған есірткі – мефедрон беріп, зорлап, кейін оның атына несие алған. Бұл қорлықтан кейін фитнес жаттықтырушысы болған қыз өзіне қол салған. Оқиға ел ішінде үлкен резонанс туғызып, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу қажеттілігі туралы маңызды сұрақтарды көтерді.

Қоғамның ашу-ызасын тудырған бұл оқиға құқық қорғау органдарынан қатаң шаралар мен әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған заңдардың күшейтілуін талап етті.

Ұқсас жаңалықтар

Абайдың қалдырған өсиеті

redaktor_qazyr

Ғалым Қалибекұлы — тарихи дерек

Redaktor Site

Компьютердің пайда болу тарихы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz