Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірМәдениет

Актер Мадс Миккельсен қазақстандықтарға видео-үндеу жазды

Актер Мадс Миккельсен қазақстандықтарға видео-үндеу жазды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Comic Con Astana фестивалінің ұйымдастырушылары жұлдызды хэдлайнер, бүкіл әлемге «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», «Фантастикалық аңдар: Дамблдор құпиялары», Rogue One: A Star Wars Story, Indiana Jones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал актер Мадс Миккельсеннің видео-үндеуін жариялады.
Мадс Миккельсен алдағы конвент аясында ҚР астанасына бару ниетін растап, фестивальге қатысатын нақты күндерін жариялады.
Мен әңгімелесуге, қолтаңба беруге және хикаяларымды бөлісуге қуанышты боламын. Сондықтан күнтізбелеріңізді белгілеңіз: Comic Con Astana, 27 және 28 шілде. Мен сіздермен кездесуді асыға күтемін.
Мадс Миккельсен жоғарыда аталған жобалардың барлығында ойнаған даулы антагонист кейіпкерлердің рөлдерімен кең аудиторияға танымал екенін айта кетейік.
Миккельсеннің фильмографиясындағы басқа маңызды жобаларға Николас Виндиң Рефннің «Дилер» қылмыстық драмасы және оның жалғасы, «Коко Шанель мен Игорь Стравинский» және At Eternity’s Gate өмірбаян фильмдері, «Титандар қақтығысы» және «Мушкетерлер» экшн-шытырман фильмдері, «Хаос серуен» фантастикалық блокбастері, «Арктика» аман қалу туралы триллері, «Аңшылық, Another Round драмалары жатады.
«Ганнибал» телехикаясындағы Ганнибал Лектердің рөлі үшін Миккельсен телевизиядағы үздік ер актер ретінде «Сатурн» сыйлығымен марапатталды. Миккельсен түрлі киножүлделер мен фестивальдерде барлығы 50-ге жуық марапатқа ие болды.
Бейне ойындар әлемінде Миккельсен Death Stranding ойынындағы Клиффорд Унгер кейіпкерін дауыстап, сомдау арқылы (қозғалысты қармау тәсілі) өзін көрсетті. Ол сондай-ақ Рианнаның Bitch Better Have My Money әніне түсірген бейнебаянына түсті.
Еске сала кетейік, Comic Con Astana – комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль. Шара Қазақстанның елордасы Астанада 25-28 шілде аралығында өтеді. Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы.
2024 жылы ауқымды іс-шараға тағы да халықаралық студиялар, продюсерлер, әлемдік блогерлер мен кәсіби косплей-әртістер қатысады.
Фестиваль бағдарламасында кездесулер мен қолтаңба-сессиялар, премьералар, арнайы көрсетілімдер мен презентациялар, косплей-шоулар, комикстер аллеясы, музыкалық әртістердің және би топтарының өнер көрсетуі болады. Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактив және ойын-сауық стендтерін ұсынады.
Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ. Оған қатысуға 14 елдің косплейшілері өтініш білдірді: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Гүржістан, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Таиланд.
I’M фастфуд мейрамханалар желісі фестиваль алаңында танымал сериал стилінде жасалған креатив фотоаймақ ұсынып, естелік жүлде және сыйлықтармен байқаулар өткізетінін айта кетейік. Ең қызық белсенділіктердің бірі ептілік сынағына қатысу мүмкіндігі болмақ, онда сіз 30 секунд ішінде комбо жинағыңызды жинап үлгеруіңіз керек.
«Бордерлендс» фильмінің алдағы тұсаукесері үшін қазіргі аудиторияның басты және сүйікті блокбастерлерінің артында тұрған Lionsgate студиясы Comic Con Astana-ға жарқын брендтік стенд әкеледі, сондай-ақ бірегей промо-материалдар ұсынады.
«Бордерлендс» – тарихтағы ең табысты 50 ойынның біріне жататын айтулы видео-ойынының экранизациясы. Фильмнің экранизациясын «Хостел», The house with a Clock in Its Walls және «Алғыс айту күні» фильмдерімен танымал, 18 халықаралық киносыйлықтың лауреаты, режиссер Элай Рот жасаған.
Сондай-ақ, қысқа видеоларды қарау және жасау бойынша жетекші платформа TikTok екінші рет фестивальдің серіктесі болады. TikTok фестиваль алаңында келушілерге қызық іс-шаралар мен тосынсыйларға толы өз стендін ұсынады. Сонымен қатар платформа фандом және косплей-контентке қызығушылық танытатын барлық жазылмандар үшін екі байқау ұйымдастырып жатыр.
Шараның ресми серіктестерінің бірі – Changan Auto брендімен Astana Motors компаниялар тобы. Changan Auto – 162 жылдан астам тарихы бар компания, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 17 дилерлік орталықта қолжетімді, футуристік, технологиялық тұрғыдан жетілдірілген автокөліктер шығаратын компания. Changan Auto экспозициясында Vision V концепт-карға негізделген желідегі ең жылдам Uni-V спорттық купесі болады. Бұл модель Pop Asia мәдениетіне өте жақсы сәйкес келеді.

Билеттерді Comic Con Astana ресми сайтында, сондай-ақ ticketon.kz және sxodim.com қызметтерін пайдалана отырып сатып алуға болады.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов-Құдаша

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақ халқының этносаяси қауымдастығы

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты