Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғамСпорт

Өскеменеде республикалық велошеру басталды

Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошерудің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда.

Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.

Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: «TITF – 2024» қатысушылары цирланлыру саласы бойынша тәжірбие алмасты

redaktor_qazyr

ОПЕК жіберген апперкот

admin_qazyr

Бектенов салық-бюджет жүйесін сауықтыру арқылы ел экономикасын кешенді дамытамыз деді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz