Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды  

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша келісім жасасқаны туралы анықтады.

«2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған азаматты ұстады.»-деген Ақтөбе облысының прокуратурасы мәлімдемесінде.

Қазір осы бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттар нөпірмен су келе жатқанына алаңдаулы

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады

admin_qazyr

Шымкентте Әуезов университетінің ректоры қамауға алынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz