Дархан Ахмед-Заки вице-министр қызметінен кетті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Дархан Ахмед-Заки ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен. Дархан Ахмед-Заки аталған лауазымға 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оның жаңа қызмет орны жайлы әзірге ақпарат берілген жоқ.