Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазірҚоғам

Әлеуметтік қолдау: Жетісуда мыңдаған бала лагерьде тегін демалады

Биыл Жетісу облысында жазғы демалыспен 113 мыңнан астам оқушы қамтылады. Бұл – өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы оқушылардың 93 пайызын құрайды. Олардың ішінде 9 900-ден астамы әлеуметтік осал санаттағы балалар. Демалысты ұйымдастыруға республикалық және жергілікті бюджеттен, «Қазақстан халқына» қоры мен кәсіподақ ұйымдарынан қаражат бөлінеді деп хабарлайды Qazyr.kz

Балалар демалысы туристік, еңбек, шығармашылық және зияткерлік бағыттарда ұйымдастырылып, оны жүзеге асыруға 12 мыңнан астам педагог, 150 педагогикалық колледж студенті және 80 ерікті тартылады. Облыста барлығы 13 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 11-і – қала сыртындағы сауықтыру орталығы, 1-і – ерекше қажеттілігі бар балаларға, 1-і – дарынды балаларға арналған.

Алакөл ауданындағы «Жансая» мекемесі жанындағы ерекше балаларға арналған лагерьде биыл үшінші жыл қатарынан жазғы демалыс ұйымдастырылады. Мұнда жазда 160 бала тегін демалып, арнайы бағдарлама бойынша сауықтырылып, әлеуметтенуіне жағдай жасалады. Лагерьге қабылдау дәрігердің қорытындысы негізінде жүзеге асады. Балаларды Ақши ауылындағы лагерьге жеткізу ұйымдастырылып, қауіпсіздік пен санитарлық талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.

Балалар жаз бойы «Ұлттық құндылықтар», «Туристята», «Жасыл клуб» және өзге де 6 жоба аясында экскурсияларға қатысып, кәсіппен танысады, музейлер мен табиғи-мәдени орындарға саяхаттайды. Жазғы демалыс бекітілген бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар негізінде өтеді. Сонымен қатар, биыл Жетісу облысында 131 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Соңғы қоңырау 23 мамыр күні өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерлер Сиань қаласында $98 млн-ға келісімшарт жасасты

admin_qazyr

Елімізде былтыр жұмысынан айрылған 293 мың адам әлеуметтік көмек алды

admin_qazyr

Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz