Qazyr.kz порталы
Ауыл шаруашылығыҚазір

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды: фермерлер онлайн қатыса алады

2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Сауалнама 300 мыңнан астам фермерлік шаруашылық пен 2 миллионға жуық қосалқы үй шаруашылықтарын қамтиды. Аталған шара БҰҰ-ның жаһандық бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр және мемлекетке ауыл шаруашылығы саласына қажетті қолдауларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

ҰСБ төрағасының орынбасары Әсел Шәуенова барлық ауыл шаруашылығы субъектілерін sanaq.gov.kz сайтында онлайн түрде тіркеуден өтуге шақырды. Бұл мүмкіндікті 31 тамызға дейін пайдаланып үлгеруге болады. Сауалнамаға қатысу үшін ЭЦҚ, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-код қажет.

Сауалнама екі түрге бөлінген: бірі — фермерлік шаруашылықтарға, екіншісі — жеке қосалқы учаскелері бар азаматтарға арналған. Онда жер, техника, өнім көлемі, жұмыспен қамту және басқа да мәліметтер қамтылған. Анкетаны толтыруды жеңілдету үшін сайтта видеонұсқаулық, көмекші кеңестер мен чат-бот қарастырылған.

Интернетке қолжетімділігі жоқ ауылдарда 2600-ден астам арнайы тіркеу пункті (акиматтар мен статистика бөлімшелерінде) жұмыс істейді. Сонымен қатар, 1446 нөмірі бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін тегін байланыс орталығы іске қосылды.

Бюро барлық берілген мәліметтердің құпия сақталатынын атап өтті. Жиналған ақпарат тек статистикалық мақсатта қолданылады және салық, полиция немесе басқа мемлекеттік органдарға берілмейді. Сондай-ақ, ҰСБ өкілдері азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырып, Бюро қызметкерлері СМС-код сұрамайтынын ескертті.

Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі — офлайн форматта 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Жалпы, бұл статистикалық шараларға мемлекет 3,7 млрд теңге бөлген.

Айта кетейік, осы аралықта фермерлер үшін жаңа талаптар енгізіліп жатыр — енді әрбір алынған субсидия бойынша есеп беру міндетті болмақ

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО-да волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамуда

admin_qazyr

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелегендер қомақты сыйақы алды

Redaktor Site

Биыл кәсіптік-техникалық колледждерде сұранысқа ие мамандықтар тегін оқытылатын болады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz