-2.7 C
Шымкент
30-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Алма Ақылбайқызы — Әппақ қар

Қар жауып тұр,
Жағалауға, өзенге,
Сыймайтұғын, музыкаға, өлеңге,
Ұшып-қонған әппақ құстай әдемі,
Сансыз сәуле төгіледі төменге.

Бұл қалада сағынбауың мүмкін бе?
Бұл далада аңсамауың мүмкін бе?
Өткенің мен кеткеніңді білмеймін,
Келешек те өзіңменен кім бірге?..

Әппақ қала,
Ақ баладай кекілді,
Ақ ұшқындар жуды тағы бетімді.
Дүниеде қандай әсем шақтар бар,
Қардың жерге қонғандығы секілді.

Ақ ұшқындар,
Ақ баладай кекілді,
Сол ақ бала, сынық қанат жетім-ді,
Дүниеде қандай әсем шақтар бар,
Сенің маған қарағаның секілді.

Сен жаурадың, менде тоңдым, тоңды өлең,
Осы болсын саған жазар соңғы өлең.
Ақ ұшқындар аймаласқан аспаннан,
Енді ешқашан қосылмайтын жол көрем.

Шалқақ жатты кешегі түн туған Ай,
Өмір суық,
Суық және бұл маңай.
Өкініш жоқ,
Сағыныш жоқ,
Арман жоқ,
Сен жоғалдың,
Түнге сіңген жылғадай.

Мен адасқақ гүл едім ғой басында,
Сен адасқақ жыр едің ғой басында,
Сыймайтұғын ғұмыр болдық енді біз,
Сыймайтұғын ұғым болдық ғасырға.

Ақ уыз қар,
Ақ ұшқындар кекілді,
Менің мұңлы балалығым секілді.
Енді маған қарар ма екен мына әлем,
Сенің маған қарағаның секілді.

Бүгінгі қар саған деген сыйым шын,
Аңсағаның алақанға құйылсын.
Қарды уыстап шашқан болсаң
Сен маған
Келер күннен күткен ол да – Сүйіншің!..

Ұқсас жаңалықтар

Табылды Досымов – Қазақ едім дегенше

redaktor_qazyr

Плюшкин синдромы бар семейлік ер адам сериялық ұрлық үшін ұсталды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz