Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда көше жарығын жаңарту жұмыстары жедел қарқын алуда

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту барысымен танысты. Қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстың қарқынын арттыруды тапсырды. Әсіресе, жарықсыз учаскелерге, жаяу жүргіншілер көп жүретін бағыттарға және тұрғын алаптарға басымдық берілмек, деп хабарлайды Qazyr.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көк-Төбе шолу алаңына барған әкім қаланың панорамалық көрінісін тамашалап, жарық жүйесін модернизациялау жобасымен танысты. «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Игорь Мысиктің айтуынша, жыл басынан бері 13 мыңнан астам жарық шамы ауыстырылып, 120 шақырымнан астам электр желісі қалпына келтірілген. Сонымен қатар, 520 басқару шкафы жаңартылды.

2025 жылдың соңына дейін қалада 1200 жаңа жарық желісін орнатып, 22 мыңнан астам шам іске қосу жоспарланған. Бұл шамдар тұрғындардың өтініштері мен «Халық қатысатын бюджет» платформасындағы ұсыныстар негізінде орнатылады.

Сонымен қатар, 70 шақырым жарық желісі модернизацияланады, 70 нысанға архитектуралық жарық орнатылып, 1100 басқару шкафы (ШУНО) жаңартылады. Магистральды көшелерге 5 мыңнан астам энергия үнемдейтін шам қойылады. Мақсат – жыл соңына дейін Алматыдағы жарықтандыруды 100% деңгейге жеткізу.

Кешкі аралау барысында әкім Абылай хан, Абай және Панфилов көшелерін қарап шықты. Бұл жерлерде ағаш жапырақтарының тығыздығына қарамастан, ұзартылған кронштейндер арқылы жарық тиімді жеткізіледі. Мұндай шешімдер қаланың жасыл келбетін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әсіресе, адамдар кешке балаларымен серуендейтін немесе үйіне қайтатын тұрғын үйлер маңындағы аумақ, тротуар мен саябақ жарық әрі қауіпсіз болуы қажет. Сондай-ақ, Алматы әкімі мектеп, емхана, мәдени нысан мен қоғамдық көлік аялдамасына баратын жолдардың жарығын мұқият пысықтап, қараңғы аумақтарға желі тарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Назарбаевпен бірге кеткен қос билік секілді қостілділікпен де қоштасатын кез келді

admin_qazyr

Қарағанды облысындағы шахтадан қаза болған кеншілердің аты-жөндері белгілі болды

redaktor_qazyr

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет экспорттауды бастайды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz