Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратҚазірРуханият

Алматы — Әлем қолөнершілерінің қаласы: Қазақ шеберлері жаһандық нарықта

Алматы қолөнершілері халықаралық сахнаға шығып, қазақтың бай мәдени мұрасын әлемге танытуда. Былтыр Алматы қаласына «Әлем қолөнершілерінің қаласы» мәртебесі берілгеннен кейін, жергілікті шеберлердің жұмыстары Еуропа мен Азияда кеңінен танылып, ерекше сұранысқа ие бола бастады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қолөнершілер палатасының вице-президенті Дәмелі Жанашева мәлімдеді деп хабарлайды Qazyr.kz

2024 жылдың соңында Алматы қаласы Қолөнер жөніндегі Әлемдік кеңестің (WCC) шешімімен «World Craft City» атағына ие болды. Қаланың бұл мәртебеге қол жеткізуі – қолөнер мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын дамытудағы жетістіктерімен тығыз байланысты.

WCC халықаралық комиссиясының 2024 жылдың тамыз айында Алматыға жасаған сапары шешуші рөл атқарды. Үш күндік сапар барысында олар шеберханаларды аралап, бұйымдардың сапасы мен қолданылатын материалдарға жоғары баға берген. Қараша айында ресми мәртебе беріліп, Алматы әлемдік қолөнер картасында өзіндік орнын иеленді.

Бүгінде алматылық шеберлер әлемдік көрмелер мен жәрмеңкелерде өз өнімдерін ұсынуда. 2024 жылы қалада 17 қолөнер жәрмеңкесі өткізіліп, оған 1300-ге жуық шебер қатысқан. Мұндай шаралар ұлттық мәдениетті насихаттап қана қоймай, экономиканың дамуына да үлес қосып келеді.

«Қазақстандық қолөнердің халықаралық деңгейде мойындалуы – ұлттық өнімдерді брендке айналдыруға мүмкіндік берді. Басқа елдерде жәрмеңкелер кәдесыймен шектелсе, бізде киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ пен музыкалық аспаптарға дейін қамтылады», – деді Дәмелі Жанашева.

Алматы қолөнершілер палатасы жас таланттарға да жол ашып отыр. Колледж және ЖОО студенттеріне жәрмеңкеге қатысу мүмкіндігі ұсынылып, тегін орындар бөлінеді. Сондай-ақ палата шеберлерге маркетинг пен бизнесті жүргізу бойынша кеңес беріп, оларды кәсіби дамуына жол ашып отыр.

Алматылық қолөнершілердің жетістігі – ұлттық рух пен заманауи мүмкіндіктердің тоғысқан айқын үлгісі. Енді олардың туындылары әлемнің түкпір-түкпіріндегі жәрмеңкелер мен галереяларда қазақ мәдениетінің көрінісі ретінде танылып жатыр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Әтірді қалай дұрыс таңдап алу қажет?

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Германия стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруде

admin_qazyr

Түймебаевты Кемел Тоқаевтың киесі ұрды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz