Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Алматы – Жібек жолындағы логистикалық торапқа айналды

Алматыда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Кедентранссервис» АҚ базасында жаңа ZHETYSU логистикалық терминалының ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл жоба Қытай Халық Республикасының Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. компаниясымен бірлесіп жүзеге асқан ірі халықаралық инфрақұрылымдық бастама болып табылады.

Ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, сондай-ақ Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган қатысты. Сиань қаласының ҚКП хатшысы Фан Хунвэй телекөпір арқылы құттықтау жолдады.

Жобаның негізгі мақсаты – көлік-логистика жүйесін дамыту арқылы халықаралық жүк тасымалын тиімді ұйымдастыру, логистикалық шығындарды азайту және транзиттік әлеуетті арттыру. ZHETYSU терминалының жобалық қуаты жылына 115 000 TEU-ді құрайды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бұл бастаманың қала үшін стратегиялық маңызын атап өтті:

«Алматы – екі ел арасындағы сауда, іскерлік және қаржылық орталық. Бұл терминал тек инфрақұрылым нысаны ғана емес, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру мен транзиттік маршруттарды кеңейту арқылы қаланың экономикалық дамуына серпін береді».

Терминал жұмысының басталуымен бірге алғашқы контейнерлік пойыз Қытайдың Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай жүк терминалынан келіп жетті. Іс-шара аясында екі ел өкілдері жаңа терминал аумағына ағаш отырғызу рәсімін өткізіп, экологиялық жауапкершілік пен стратегиялық әріптестікті бейнеледі.

ZHETYSU терминалы Қазақстанның ең ірі импорттық логистикалық хабтарының бірі болуға үмітті. Ол Қытайдан келетін жүктерді қабылдап, өңдеу, сақтау және тарату қызметтерін орталықтандырылған түрде атқарады. Бұл өз кезегінде Алматының Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік торабы ретіндегі рөлін күшейтеді.

Айта кетейік,

Жаңа терминалдың жалпы аумағы – 9,8 гектар. Контейнерлік алаңы 9 200 шаршы метрді қамтып, 1 101 TEU-ға дейін бір уақытта сақтау мүмкіндігін ұсынады. Қойма үй-жайларының аумағы – 23 400 шаршы метр, ал автокөлікке арналған тұрақ аймағы – 8 900 шаршы метрді құрайды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 25 шетелдік жауапқа тартылды

redaktor_qazyr

Қуырылған тастан жасалған тағам

redaktor_qazyr

Дархан Сатыбалды: Мектепті тапсырмасаңыздар – әлеуметтік пәтерлерді сатып алмаймыз

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz