Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматыда 21 жастағы жігітті троллейбус басып кетті

Алматы қаласында 11-ші маршруттағы троллейбус жаяу жүргіншіні қағып, нәтижесінде 2003 жылы туған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, бұл жағдай 17:50 шамасында Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Троллейбус жүргізушісі белгіленбеген себептермен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалған. Жол-көлік оқиғасының нақты себептері жүргізушінің әрекеттері мен жаяу жүргіншінің қозғалысын талдау барысында белгілі болады.

Мұндай жағдайлар жол қауіпсіздігі мәселесіне айрықша назар аударуды талап етеді. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өтетін орындар мен қоғамдық көлік қатынайтын жол учаскелеріндегі қауіпсіздігін күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Марқұм болған жас жігіттің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Қазақтың ақын,жазушысы “Мұқағали Мақатаев сорлы еркек» деп атаған блогер сынға қалды

redaktor_qazyr

Оқиға: Досымды өлтіріп кетті! Өлтірген адам бір ауданның прокуроры

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz