Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Алматыда белсенді бизнес субъектілерінің саны 378 мыңнан асты

Шағын және орта бизнес Алматының экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады әрі қала экономикасының негізін қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Алматы қаласының Экономика басқармасынан хабарлады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,9% — ға ұлғайып, 24,9 трлн теңгені құрады. Қаланың жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 60,3% — ға жетті, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі болып қала береді: 2024 жылы онда 972,1 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл Алматыдағы жұмыспен қамтудың жалпы деңгейінің 90% -ын құрайды. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қалада белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 378,9 мың бірлікке жетті, бұл ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 7,4% — ға артық.

2025 жылғы сәуірде Алматыда республикадағы ең жоғары іскерлік белсенділік тіркелді: іскерлік белсенділік индексі 57,9% -ды құрады.

Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 52,8 млрд теңге — жергілікті бюджеттен немесе 2024 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Алматы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастырып, қаланың іскерлік бастамашылық пен орнықты экономикалық өсу орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте көшедегі адамдарды пышақтап өлтірген қылмыскер ұсталды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады

admin_qazyr

«Банда жайлаған қала»дегенге мән бермеген едім.Диас Нұрақын Талғардағы жағдай туралы айтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz