Qazyr.kz порталы
БілімЖаңалықтарҚазір

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты өтеді

Турнирге 3 мыңнан астам адам қатысады, соның ішінде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 20 шетелдік команда бар.

Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт жас санатында ұсынады: First Lego League Discover (4-6 жас), First Lego League Explore (6-10 жас), First Lego League Challenge (10-16 жас), First Tech Challenge (12-18 жас).

Дрондар жарысы мына бағыттар бойынша өтеді:

Aspan Drone Competition – дронды бағдарламалау және басқару;

Aspan Cyber Race – VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыс;

Aspan Drone Race – FPV (First Person View) дрондар жарысы;

Жеңімпаздар Оңтүстік Кореяда, Қытай және Түркия, Еуропа елдерінде өтетін чемпионаттарда ел намысын қорғайды.

«Бұл беделді жарыс жас инженерлер,  және өнертапқыштар үшін аса маңызды шара. Қатысушылар тек сайысқа түсіп қана қоймай, түрлі интерактивті іс-шараларға, инженерлік квесттерге қатысып, жүлделер мен естелік сыйлықтарға ие бола алады», – деді «Алматы Дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримғажы.

Командалар Хьюстон қаласында (Техас, АҚШ) өтетін әлемдік кезеңге жолдаманы сарапқа салады.

Қазақстан былтыр қазан айында Афинада жарыста 190 елдің ішінде робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанып, рекорд орнатты.

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев: Манипуляцияға жол беруге болмайды

admin_qazyr

Президент әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

redaktor_qazyr

Қазақстан азаматтары банктерге 24 триллион теңге қарыз

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz