Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматының батыс бөлігі үздіксіз сумен қамтылады: 150 мың тұрғынды қамтитын жоба іске асуда

Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Солардың ішінде негізгі нысандардың бірі – тәулігіне 22 мың текше метр су өндіретін «Ақсай» су торабын салу жобасы деп хабарлайды Qazyr.kz

Жобаның құны – 29,7 млрд теңге, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Негізгі құрылыс бөлігі толық бітсе, енді су торабында іске қосу және баптау жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 9 шақырым болатын кіреберіс автожол мен бес көпірдің құрылысы жалғасуда. Су торабы 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек.

Аудан әкімі Назира Тоғызбаеваның айтуынша, бұл нысан Наурызбай ауданының батыс бөлігіндегі және Алматы облысындағы Қарасай ауданындағы 150 мың тұрғынды үздіксіз таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауданда «Ақжар» және «Қарағайлы» жобалары да белсенді іске асырылып жатыр. «Ақжар» жобасының 2024 жылғы кезеңінде 14 км су құбыры және 12 км кәріз желісі тартылған. 2025 жылы бұл көрсеткіш тағы 17 км су құбыры мен 15 км кәріз желісімен толығады. Үшінші кезеңде қосымша 3 км инженерлік желілер жүргізіледі.

«Қарағайлы» жобасы аясында 2024 жылы 1,6 км су құбыры мен 800 метр кәріз желісі салынды. Келесі жылы тағы 2,6 км су құбыры мен 1,3 км кәріз желісі салынады. Бұл жобаға қатысты екінші кезекке арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар, «Тастыбұлақ» және «Таусамалы» жобалары бойынша да мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін 9,6 млрд теңге қарастырылған.

2024 жылдың наурыз айында «Қарғалы» сүзгі станциясында ұзындығы 8,6 км кәріз коллекторының құрылысы толық аяқталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен ел бойынша сумен жабдықтау жүйелерінің құрылыс және жаңғырту жұмыстарына 124 млрд теңге бөлінген.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Антон Лапенко мен Maul Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді

redaktor_qazyr

Жетісу облысында денсаулық айлығы аясында 1500 астам тыл ардагеріне дәрігерлер барады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz