Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Әнші Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын айтты

Сурет: Қайрат Нұртастың инстаграм парақшасынан

Қазақстанның эстрада әншісі Қайрат Нұртас АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында болды. Бұл кездесуде өнер жұлдызы «АMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен атом электр станциясының салыну жобасына байланысты пікір алмасты.Бұл туралы QAZYR.KZ ақпарат порталы хабарлайды.

Әнші өз сөзінде,елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумда белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.Сонымен қатар,ол халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

admin_qazyr

Қазақстаннан Ресей шекарасына адыраспан өткізгеніңіз үшін 20 жылға дейін қамалуыңыз мүмкін

redaktor_qazyr

Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz