Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстаннан Ресей шекарасына адыраспан өткізгеніңіз үшін 20 жылға дейін қамалуыңыз мүмкін

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «гармала» («адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.

Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін — 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауындағы адам капиталын қалыптастыру шаралары

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

admin_qazyr

«Азаматтар сұранысына жауап беретін Конституция керек»: Алматы әкімімен ашық диалог өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz