Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетушілердің 92%-ы лицензиясын алды

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау үдерісі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша, арнаулы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) көрсетуші субъектілердің 92%-ы лицензия алып, бұл ұйымдар көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-ын қамтып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталды және барлық меншік нысанындағы АӘҚ көрсетуші ұйымдарды қамтиды. Бұл қадам – АӘҚ жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды кезең. Оның мақсаты – ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, бірыңғай стандарттарды енгізу және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау.

Енгізілген өзгерістер нәтижесінде, көрсетілетін қызмет алушылар саны нақтылау нәтижесінде 135,9 мыңнан 93,6 мың адамға азайды;

АӘҚ қаржыландыру көлемі 31,6 млрд теңгеге қысқарды;

12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің біліктілігі қайта бағаланып, 10 мыңнан астамы оқытылып, сертификатталды;

Лицензиялаудың негізгі талаптары – ғимараттың санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы, материалдық-техникалық база мен білікті қызметкерлердің болуы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілуі.

Қазіргі уақытта республика бойынша 530 лицензия беріліп, 92,8 мың адамды қамтитын 548 ұйым қызмет көрсетуде. Лицензия беруден бас тарту себептері – инфрақұрылым мен кадрлық талаптардың орындалмауы, өрт қауіпсіздігі аудитінің болмауы сияқты олқылықтармен байланысты.

Осыған байланысты 8,7 млрд теңгеден астам қаржы жергілікті бюджеттер мен демеушілер есебінен материалдық-техникалық жарақтандыруға, қолжетімділік пен ғимараттарды кеңейтуге бағытталды.

 

.

Ұқсас жаңалықтар

Мұнай биржасындағы аумалы-төкпелі заман: Қазақстан бұған дайын болып отыр

admin_qazyr

«Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр»

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz