Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірэкономика

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Qazyr.kz

Дархан Сатыбалды алдағы атқарылатын жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны  дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен кадр бөлімінің басшысы қомақты ақша жымқырған

redaktor_qazyr

Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт іздестірілуде

redaktor_qazyr

Адам неге өз-өзіне қол жұмсайды?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz