Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Ашу үстінде видеосын таратып жіберген, алайда балалар заттардың ақысын төлеген»Монтайтастағы дүкенде болған оқиғаға полиция жауап берді

«Ашу үстінде видеосын таратып жіберген, алайда балалар заттардың ақысын төлеген»Монтайтастағы дүкенде болған оқиғаға полиция жауап берді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Әлеужеліде Монтайтас ауылында 3 жасөспірімнің  азық-түлік дүкенінен заттарды кассаға емес,өздерінің сөмкесіне салып жатырған видео тарады.Сонымен қатар,автор бейнежазбаның астына олардың дүкеннен заттарды ұрлап кеткені туралы хат қалдырған.

Осы бойынша Qazyr.kz тілшісі Арыс қаласының полиция бөлімінен жауап алды.

«Арыс АПБ қызметкерлері барып оқиғаның мән-жайын білгенде, оқиға 2024 жылдың қазан айының 09 жұлдызында Монтайтас ауылы Б.Онтаев көшесінде орналасқан «Жақсылық ата» азық-түлік дүкенінде, кешкі сағат 18:30 шамасында Монтайтас а/о Абай көшесі №13 үй тұрғыны 1998 ж. т.  Д есімді азаматша,дүкеннің кассасында отырған кезінде, 3 жасөспірім заттар алып кассаға төлеу үшін бармақ болған уақытында, өзі бейнебақылау камерасы арқылы байқап, өзінің жұбайына сол видеоны жолдап жіберген. Жасөспірімдер заттарын алып, кассаға келіп ақшасын төлеп шығып кеткен.
Сонымен жұбайы ашу үстінде бейнематериялды Whats`app желісі арқылы ауыл тұрғындарының чаттарына жіберіп жібергендігі анықталды. Қазіргі таңда ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екендігін өз түсініктемесінде жазып көрсетті.
Сонымен қатар Арыс АПБ Кезекші бөліміне «102» арнасы арқылы Монтайтас ауылы Б.Онтаев көшесінде орналасқан «Жақсылық ата» азық-түлік дүкенінен хабарласпағаны анықталғанын хабарлаймын.»,-делінген полиция берген мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

redaktor_qazyr

Монтайтас: Енді Атамекендік тұрғындарың медициналық пункті болады

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайдың оныншы қара сөзі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz