Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

16 қаңтар күні кешкі сағат 23:22-де Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы №44 мекенжайда су құбырының жарылғаны туралы хабарлама түсті. Апат салдарынан ауыз су беру тоқтатылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды.

Оқиға орнына «Семей Водоканал» мекемесінің авариялық бригадасы шұғыл жетіп, апаттың себебін анықтауға және оны жоюға кірісті. Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов жағдайды өз бақылауына алды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат диаметрі 300 мм болатын су құбырында орын алған. Апатты жою үшін 2 арнайы техника мен 5 маман жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға су беру қалпына келтірілгеннен кейін қосымша хабарланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада CONNECTED халықаралық конференциясының ашылуы өтті

redaktor_qazyr

Ел бірлігін нығайту: Ерлан Қарин ұлтаралық келісімді күшейту бойынша жиын өткізді

admin_qazyr

Монтайтас ауылы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz