Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Әскердегілердің несиесі тоқтатылады

Әскердегі сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылатын болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев қазіргі әскерге шақырылғандардың бұрынғы несиелерінің көлемін атады.  Бұл несиелер бойынша төлемдер бүгіннен тоқтатылды.

Тілеухан Басқожаев әскерге шақырылғандардың әскери борышын өтеу мерзімінде несие төлеу тоқтатылғанын еске салды.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин биылдан бастап барлық әскердегі сарбаздар үшін автоматты түрде несие мерзімі ұзартылатынын қосты.

«Егер есептер болсақ, бүгінде 6 мыңнан астам сарбаз 1 миллиард 828 миллион теңге болатын қарыздың мерзімін ұзартты», — деп түсіндірді Руслан Жанғұлин.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда мал азығын дайындайтын зауыт іске қосылуы мүмкін

admin_qazyr

Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті

redaktor_qazyr

Nomad Wrestling 2 турнирінде Азамат Бақытов жеңіске жетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz