Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Әскердегілердің несиесі тоқтатылады

Әскердегі сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылатын болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев қазіргі әскерге шақырылғандардың бұрынғы несиелерінің көлемін атады.  Бұл несиелер бойынша төлемдер бүгіннен тоқтатылды.

Тілеухан Басқожаев әскерге шақырылғандардың әскери борышын өтеу мерзімінде несие төлеу тоқтатылғанын еске салды.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин биылдан бастап барлық әскердегі сарбаздар үшін автоматты түрде несие мерзімі ұзартылатынын қосты.

«Егер есептер болсақ, бүгінде 6 мыңнан астам сарбаз 1 миллиард 828 миллион теңге болатын қарыздың мерзімін ұзартты», — деп түсіндірді Руслан Жанғұлин.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады

redaktor_qazyr

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті болып сайланды

redaktor_qazyr

Үлкен Нарын ауданында ет консервілеу цехы ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz