Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

«Ассалаумағалейкум» сөзі қазақтың сөзі ма?

«Ассалаумағалейкум» сөзі қазақ халқының сөзі емес, ол ислам дінінің ықпалымен араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің түп-төркіні арабша «السلام عليكم» (Ассаламу алейкум), яғни «Сізге бейбітшілік болсын!» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін бұл сөз сәлемдесу дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан оны қазақ мәдениетінің, тілінің бір бөлігі деп санауға толық негіз бар. Сәлемдесу кезінде бұл сөздің жауабы ретінде «Уағалейкумассалам» (Алланың сәлемі сізге де болсын!)деп айтылады.Қазақ тілінде бұл сөз исламдық дәстүрлерді сақтаудың және бауырмалдық қарым-қатынастың белгісі болып табылады.

Ал ежелгі қазақ халқы ислам діні келмей жатып,қалай амандасқан?

Ислам діні келмей тұрып, қазақ халқының амандасу дәстүрі ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-санадан туындаған. Қазақтардың ежелгі амандасуы табиғатпен үйлесімде, қарапайым әрі жылы шырайлы болған. Ол көбінесе адамның жасына, жынысына, туыстық қарым-қатынасына және әлеуметтік мәртебесіне байланысты түрленіп отырған.

«Армысың?» немесе «Бармысың?»
Бұл сөздер «Тірісің бе?» немесе «Қал-жағдайың қалай?» деген мағынада айтылып, адаммен алғашқы кездескенде осылай амандасқан. Бұған жауап ретінде «Бармын, өзің қалайсың?» немесе «Армысың!» деп қайтарған.

«Ас, аман ба?» сөзі,бұл қысқаша амандасу күнделікті тұрмыстық қатынаста қолданылған.

Қазақ халқының ер адамдары кездескенде құшақтасып, иықтарынан қағып, қол алысып амандасқан. Бұл олардың жақындық пен сыйластықты білдіретін салты болған.Ал әйелдер үлкендерге сәлем беріп, ізетпен басын иіп немесе қол қусырып амандасқан. Жасы кіші адамдардың үлкендерге «Сәлем бердік!» деп амандасуы құрметтің белгісі еді.

Ал жастар қарияларға арнайы иіліп, оң қолын жүрек тұсына қойып немесе екі қолын кеудесіне айқастырып, сәлемдесу дәстүрі болған. Бұл үлкендерге деген құрметтің және әдептіліктің нышаны.Туысқандар мен жекжаттар ауыл ішінде немесе туыстар арасында кездескенде, көп жағдайда бір-бірінің жағдайын егжей-тегжей сұрасып амандасқан:»Мал-жан аман ба?»»,Шаруаң қалай?»,»Үй-іші аман ба?» деген.

Бұл дәстүрлер қазақтардың қарым-қатынасындағы терең мейірімділік пен адамгершілікті көрсетеді. Ислам келісімен «Ассалаумағалейкум» сияқты арабша сәлемдесу түрлері енгізілгенімен, ұлттық амандасу дәстүрлері ұмыт болған жоқ, олар бір-бірімен үйлесіп, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатыр.

Мақала авторы: Бердалы Ораз
Сурет: shareslide.ru

Ұқсас жаңалықтар

Лала Жүнісқызы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz