Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

«Таза Қазақстан»: Алатау ауданында қоғам белсенділері сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында  Алматы тұрғындары, өнерпаздар мен қоғам белсенділері бірге аула тазалады деп хабарлайды Qazyr.kz

Зерделі ықшамауданының тұрғын үй массивіндегі аулада  сенбілік өтті. Тұрғындар танымал әртістер, спортшылар, депутаттар және қоғам белсенділерімен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақты тазалады.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті:,

– Адамдар, ең алдымен, өздері тазалықты сақтау керек: өзінен кейін тазалап, қоқыс тастамай, ағаштарды сындырмауы керек. Табиғатқа ұқыпты қарауды бала кезден үйрету қажет. Бұл – барлық алматылық үшін ортақ іс, қаланы бірге таза ұстайық, – деді ол, акцияға белсене қатысқандарға алғысын білдіре отырып.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Махамбет Хасенов бұл маңызды іске азаматтардың бірігуі қажет екенін айтты:

– Акцияның табысты өтуі әрбір алматылықтың белсенділігіне тікелей байланысты. Тәжірибе тұрғындар экологиялық мәселелерге барған сайын көбірек көңіл бөле бастағанын, бұл бағытты әрі қарай дамыту керегін көрсетті. Бұл орайда белсенділер мен қоғам өкілдерінің рөлі зор, – деді ол.

Тазалық және көркейту шарасына танымал актерлер, әншілер, ақындар мен спортшылар да қатысты. Олар өз үлгілерімен табиғатты аялау және тазалық сақтау жолындағы экологиялық бастаманы қолдады. Қатысқандар қатарында: актерлер Санжар Мәди, Тәуекел Мүслім, Жан Байжанбаев, Еркебұлан Дайыров, Ерден Төлемісов, Мақсат Сабитов, Жандос Айбасов, Жайдарбек Күнгожинов, Ұлан Нүсіпәлі, Бақыт Тұшаев, Тимур Пиязов, Ондасын Бесікбасов; әншілер Бақтияр Тайлақбаев пен Інжу Ануарбек, ақындар Мөлдір Айтбай мен Алмас Ахметбекұлы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Спатай Темір, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Амантай Берғалиұлы және басқалар бар.

Танымал театр және кино актері Жан Байжанбаев акцияның маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді:

– Тазалық – әркімнің өзінен басталады. Қоқысты көргенде өзің де ұялып, біртүрлі болып қаласың ғой. Бірақ кейінгі кезде қаламыз барған сайын тазарып келе жатқанын байқаймын. Бұл акцияның маңызы өте зор, – деді Жан Байжанбаев.

Жергілікті тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұруына үміт білдірді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының табысты жүзеге асуы әр тұрғынның жеке жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында мешітте кішкентай баланы ұрғаны үшін имам жұмыстан босатылды

redaktor_qazyr

Әскерге шақыру SMS-хабарлама арқылы келеді

admin_qazyr

Арнайы бақылау штабы құрылады: Метро құрылысы жеделдей түспек

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz