Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Ауылға жұмысқа орналасқан жас дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы беріледі

Ауылға жұмысқа орналасқан жас дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы беріледі.

Енді еліміздің ауылдвқ өңіріне жұмысқа баратын дәрігерлерге ең төменгі жалақының 100 есе көлемінде (8,5 млн теңге) бір реттік көтермеақы беріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды Qazyr.kz.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

«Ауылдағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін шешу бойынша AMANAT партиясы берген уәдесін орындадық. Енді осы дәрігерлер 9 миллион теңгеге жуық қаражатты бір мезгіл көтермеақы ретінде алады. Бұл ауылдағы дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге өте маңызды болады.

Бұл ретте дәрігер 5 жыл сол жерде жұмыс істеуі керек. Біздегі басты мәселе – ауылға мықты мамандарды әкелу және соған ынталандыру. Қазірдің өзінде өз мамандығында 3 жыл істеу талабы бар. Ең төменгі жалақы мөлшері де жыл сайын арта береді. Сондықтан, дәрігерлерге айтарымыз, бірреттік ақыны алған соң, сол ауылда жұмыс істеп, орнығуы керек», – деді А.Аймағамбетов мәжіліс отырысында.

Ұқсас жаңалықтар

Lenovo компаниясының директоры өлі күйде табылды

redaktor_qazyr

Дулат Исабеков : Шындықты айтсаң халыққа жағасың,билікке жақпайсың.

redaktor_qazyr

Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген түсінік неге қалыптасқан?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz