Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратҚоғам

24 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді  

24 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді .Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. Дәстүрлі түрде Бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткен оқу жылының қорытындысын шығарады.

«Елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 2024 жылғы 24 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде Бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттар тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау/ емтихандар аяқталғаннан кейін/ 12-15 маусым аралығында өтеді», — деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Жүрек сырқаттарын емдеу

Redaktor Site

Бишімбаев ісі бойынша сараптама жасаған маман Шерзаттың өлімінің себебін айтты

admin_qazyr

Жастар жұмыспен қамтылуда: Алматының табысты бастамалары

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz