Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бәйге

Кеткенде аттар аңырап,
Қозған сәтте делебе,
Бір шайқалып шаңырақ,
Дір етеді кереге.

Төбе толы көп қазақ,
Шертеді-ай кеп күй керім,
Бірі қосып ақ боз ат,
Бірі қосып жиренін.

Мас боп жусан иісіне,
Қиқулайды бар бала.
Дала деген күйшіден,
Күй тыңдайды таңдана.

Отырады шалдарың:
Алласынан сый күтіп,
Қозған кезде делебе,
Кеткісі кеп құйғытып,
Жеткісі кеп мәреге.

Бір шал жеңін түреді,
Құрып алып малдасын.
Енді бірі жүреді
Мініп алып жорғасын.

Тынса бірі тек іштей,
Қолына алып, сапысын,
Біреулері келіспей,
Дауласады ат үшін.

Жайраңдаған жүзінен
Жақсылықты сезе бер,
Жайғаса қап тізіле,
Жайраңдайды әжелер.

…Бара жатты сырғып-ақ,
Бара жатты құлдырап.
Айналғандай сағымға,
Сағым болып бұлдырап,
Ағалардың астында
Ағараңдап бір-бір ат.

Көкжиекте самғайды
Бір-бір сағым – нүктелер.
Солардан көз алмайды.
Тек соларды күткен ел.

Көңіл емес бәйгесіз
Қазақтардың көңілі.
Өмір емес бәйгесіз
Қазақтардың өмірі.

…Оқтай зулап кетеді.
Аянбайды шапқанда.
Өмір – жарыс екенін
Түсінгендей аттар да.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Біреулерге жақпайды күлгенің де

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz