Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әділ Ботпанов-Өмір

Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы таңдарым үшін.

Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

admin_qazyr

Ұлыма тілек

Redaktor Site

С.Торайғыров — Шәкірт ойы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz